Астанада «Түрлі-түсті мозаика» атты балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтеді

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - 3 маусым Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында «Түрлі-түсті мозаика» атты балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтеді.
None
None

Бұл - мұражайдың «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайы мен Балалар көркемсурет мектебінің дәстүрлі бірлескен іс шарасы. Аталған жобаның аясында 2007 ж. бастап мұражайда балаларға арналған конкурстар, фестивальдер және мерекелер өткізіліп келедіә. Бұл туралы мұражайдың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл жылы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қоры және Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайы (Павлодар қаласы) жобаның серіктестері болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры балалар жобасының идеясын қолдауы кездейсок емес, өйткені өзінің басты бағыттарының ішінен халықаралық конкурстарда, фестивальдерде, көрмелерде Қазақстанның шығармашылық жастарына қолдау көрсету және грантқа ұсыну маңызды орын алады.

Биылғы фестиваль жаңа форматта өтетін болады, себебі, Павлодар мұражайының қызметкерлері қатысушыларға «Балалық шақтың мұражай трамвайы» атты қызықты мерекелік бағдарлама дайындаған. Бұл балалар жобасы, оның басты бағыты мұражай жәдігерліктерін көпшілікке таныту, Ертіс бойында қала белгілі тұлғаларының қызметтері мен шығармашылығын насихаттау, сонымен қатар, қоғамдық сана-сезімнің қалыптасуына, ағартушылықты жаңа бір ресурс ретінде пайдалану.

«Трамвайда» «серуендеу» барысында балаларды белгілі ертегілер кейіпкерлері мен әртүрлі ойындар, жұмбақтар, сөзжұмбақтар күтіп тұр. «Муражайлық», «Көркем», «Әдеби», «Музыкалық» және «Би» аялдамаларында қатысушылар Павлодардың Бұхар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына қысқаша экскурсиялық шолу жасай алады, павлодарлық балалар жазушыларының өмірбаяндарымен және жұмыстарымен танысады, сонымен қатар, музыкалық және бишілер қатарына қатысуға мүмкіндігі бар. Белсене қатысқандарды сыйлықтар мен жүлделер күтуде.

Бұл ғажайып трамвай Павлодарда 2012 жылдан бастап жолға шыққан. Түпнұсқасында трамвай Павлодарды белгіленген маршрут бойынша айналып шығады, соңында теміржол вокзалына оралады. Бір-екі сағатта трамвай өз маршруты бойынша жүріп келе жатқанда жолаушылар классик-драматург Жүсіпбек Аймауытов және ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұматтар, өткен ғасырдағы халық танып-білген әнші-сазгерлер Жаяу Мұса Байжанов пен Майра Шамсутдинованың жеке заттарымен танысып, немесе, соғыс жылнамашылары, майдангер-жазушылар Всеволод Иванов пен Мұзафар Әлімбаевтың мұраларымен жақынырақ таныса алады.

Сайыс-фестивалінің көркемдік бөлімінде 6 жастан 9 жасқа дейінгі 100-ге жуық бала қатысады. Жеңімпаздар мына аталымдар бойынша бөлінеді: молбертте сурет-сайысы, асфальтта сурет салу-сайысы (бормен), мозаикалар мен пазлдарды жинақтау. Мұражайдың бейнелеу өнері студиясының белсенді жұмысы, Балалар көркемсурет мектебінің шығармашылық ұжымына жыл сайын балалар шығармашылығын нағыз кездесу мерекесіне айналдыруға мүмкіндік жасайды. Фестивальге қатысушы - жас суретшілердің жұмыстары мұражайдың экспозициялық залында орналасады.

Фестиваль Халықаралық Балаларды қорғау күніне орайласқан, бұл бүлдіршіндер үшін ең бір қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар балалар ересектердің үнемі қамқорлығы мен қорғанышын қажет ететіндігін, олар үшін үлкен жауапкершілікті мойындарына алатынын еске салады.

Соңғы жаңалықтар