Астанада түрмеде экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу мәселесі талқыланады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада түрмеде экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу мәселесі талқыланады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада түрмеде экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу мәселесі талқыланады

«5 желтоқсанда Астанада Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетімен бірлесіп, түрмелерде экстремистік идеологияның таратылуын болдырмау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өткізеді», - деді ол.

Оның айтуынша, дөңгелек үстел барысында Баға беру миссиясының негізгі қорытындылары мен «Экстремизм және терроризм жасағаны үшін сотталғандармен жұмыс жасауға күш салу және түрмелерде зорлық-зомбылықты тудыратын радикализмды болдырмау» бағдарламасының іс-шаралар жоспарының жобасы ұсынылмақ.

«Сондай-ақ экстремизм мен террористік қылмыс жасағаны үшін сотталғандармен жұмыс істеуге түзеу мекемелерінің қызметкерлерін дайындау бойынша тәжірибе алмасу да дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты болмақ», - деді Айбек Смадияров.