Астанада тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша заңдық кеңестер берілуде

АСТАНА. Қыркүйектің 17-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратының Қоғамдық қабылдау бөлімінде әрбір сейсенбі сайын тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша заң кеңестері беріле бастады,

Астанада тұтынушылар мен кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша заңдық кеңестер берілуде

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыркүйектің 14-інде басталған қабылдау кезінде осы уақытқа дейін 19 адам осы жерден заң кеңестерін алды. Қабылдау әрбір сейсенбі күні сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Сондай-ақ 55-55-71 және 70-76-62 байланыс телефондары арқылы кәсіби заңгер-мамандардан кеңес алуға болады.