Астанада «Тыраулап ұшқан тырналар» спектаклі өтеді

Спектакльдің авторы - Валентин Ежов. Қазақ тіліне аударған - Әшірбек Сығай. Режиссерлық нұсқасын жасаған -Талғат Теменов.
«Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Ұлы Отан соғысы... Содан бері 70 жыл өтсе де, ата-бабаларымыздың жасаған ерліктері мен кейінгі ұрпаққа сыйлаған жеңісі кімнің де болсын жадында. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойының қарсаңында режиссер Талғат Теменов сахналап отырған «Тыраулап ұшқан тырналар» атты лирикалық драма жеңістен кейінгі совет солдаттарының өмірінен сыр шертеді», - делінген театрдың хабарламасында.
Қойылым бас кейіпкер Пернебек Боранбаев пен неміс қызы Инганың арасындағы кездейсоқтықтан туындаған махаббат тақырыбын көтереді. Осы аралықта адамзатқа ортақ қасиет - махаббат пен жауыздық, адамгершілік пен сыйластық, өшпенділік пен сүйіспеншілік, сағыныш пен мейірімділіктің ұшқынын спектакль барысынан көре аласыздар.
Қойылым 29 наурызда Астана уақытымен сағат 18:30-да өтеді.