Астанада ТЖД өрт сөндіру қызметінің басшысы тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Астана қаласы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
Астана қаласы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің жаңа басшысы болып өртке қарсы қызмет полковнигі Аманбаев Марғұлан Топашұлы тағайындалды.
Наурыздың 2-сі күні Астана қаласы ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Ибрагим Күлшімбаев жеке құрамға «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары» ММ-нің жаңа басшысын таныстырды.
Аманбаев Марғұлан Топашұлы 1973 жылы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Дружба елді мекенінде дүниеге келген. 1995 жылы Жезқазған тау-техникалық институтын, 2007 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған.
Ол мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарында 2000 жылдың мамыр айынан бастап қызмет етуде. 2012 жылдың желтоқсан айынан бастап Астана қаласы ТЖД «Алматы» ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Жұмыста жеткен табыстары мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін ол ІІІ дәрежелі «Төтенше жағдайлар жүйесіне еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен, ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы кызмет органдарындагы мінсіз қызметі үшін» медалімен, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған.