Астанада уақытша жарық пен су әрі жылу өшірілмек

АСТАНА.KAZINFORM — 8 қазан күні елордада бірқатар мекенжайларда жылу, ыстық су және электр энергиясы уақытша өшіріледі. Бұл туралы қала әкімдігі мәлім етті.

Астанада уақытша жарық пен су әрі жылу өшірілмек
Фото: pexels

Жылу мен ыстық суды өшіру

8 қазан сағат 22:00-ге дейін жылу мен ыстық су уақытша тоқтатылады:

  • Кеңсаз көшесі – 5, 5а, 56, 9, 9/1, 11, 13;

  • Бұйрат көшесі – 24, 26, 30, 32/1, 34/1;

  • Қарашығанақ көшесі – 5.

8:00–16:30 аралығында келесі мекенжайларда да өшіру жүргізіледі:

  • Потанин көшесі – 9, 10, 11, 12, 12/1, 12/2, 13, 14, 14а, 15, 15/1;

  • Молдағұлова көшесі – 17;

  • Затаевич көшесі – 5/9, 5/11;

  • Қарауыл көшесі – 2/2.

Белгілі бір мекенжайлар бойынша уақытша өшіру:

  • Таскескен, 17б — 10:00–12:00 аралығында;

  • Байтұрсынұлы, 47 — 13:00–15:00 аралығында.

Келесі даңғылдарда да ыстық су мен жылу өшіріледі:

  • Абай даңғылы, 3/2 — 13:00–16:00;

  • Жеңіс даңғылы, 12 — 9:00–12:00.

Сумен жабдықтауды өшіру

9:00–21:00 аралығында Сарыарқа даңғылы, 21 мекенжайында орналасқан Abyroy спорт кешені сусыз қалады.

Электр энергиясын өшіру

Келесі мекенжайларда жарық уақытша өшіріледі:

  • 8:00–16:00 – Кентау, Кеншілер, Ақшағыл көшелері;

  • 9:00–16:30 – Медеу, 8-Наурыз, Өрнек, Бөкей, Ақбидай, Суриков, Кемеңгерұлы көшелері және Аршалы, Сарыадыр тұйық көшелері;

  • 9:00–12:00 – Көкжазық, 7–19;

  • 13:00–16:30 – Төрекұлұлы, 3–21;

  • 9:00–16:30 – Маяковский және Екібастұз көшелері.

Сондай-ақ 8:30–9:00 аралығында басталып, 16:30-ға дейін жалғасатын өшіру мекенжайлары:

  • Балқаш тұйық көшесі;

  • Таха Хусейн, Тәшенов, Кравцов, Карбышев көшелері;

  • Есіл, Астрахан, Макин, Ақкент тұйық көшелері;

  • Сарыарқа даңғылы, 1.

Бұған дейін Алматыда да 10 қазанға дейін кейбір аудандарда жарық уақытша өшірілетіні хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар