Астанада ҰБТ-ның бірінші күнгі қорытындысында ең жоғары балл 123 болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнгі қорытындысы шығарылды. Таратылған мәліметке сәйкес, елорда бойынша орташа балл 83,6, ал ең жоғары балл - 123, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, бірінші күні 675 түлек тест тапсырған, соның ішінде, 252-сі қазақ тілінде, ал 423-і орыс тілінде. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 501 түлек, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 173 түлек тест тапсырады. Еске сала кетейік, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) 3,5 мыңнан астам астаналық түлек қатысады. Жалпы, 4407 оқушы мектепті тәмамдады. ҰБТ тапсыратын түлектердің ішінде 180 оқушы «Алтын белгіге» үміткер, ал 79-ы ерекше үлгідегі аттестат алады.

Соңғы жаңалықтар