Астанада ҮЕҰ-лар арасында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық жәрмеңкесі өтті

sp; АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы «Думан» қонақүйінде әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық жәрмеңкесі өтті,

Астанада ҮЕҰ-лар арасында әлеуметтік идеялар мен жобалардың республикалық жәрмеңкесі өтті

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жәрмеңке ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Астана-Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығының» ұйытқы болуымен ҚР Үкіметінің жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің VІІІ-ші отырысы шеңберінде ұйымдастырылды.

«Астана-Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау орталығының» төрайымы Алтынай Көбееваның айтуынша, ҮЕҰ-лар арасында әлеуметтік идеялар мен жобалар бойынша байқау үстіміздегі жылғы тамыз айында жарияланды және осы уақытқа дейін 100-ден астам ұйымнан түрлі тақырыптар бойынша 80-ге жуық жоба ұсынылған. Салалық министрліктер мен халықаралық ұйымдардың сарапшыларынан құралған қазылар алқасы, өмірге енгізілуі тиіс деп шешілген 23 жобаны таңдап алды.

«Ұсынылған жобалардың  дені қоғамда аз қорғалған жандардың құқықтарын қорғау мен экологиялық мәселелерге арналған. Байқаудың барлық 23 жеңімпаз-лауреаты 2010 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына ұсынылатын болады»,  деді ол.

Жәрмеңкені аралап көрген Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, аса сирек кездесетін гүлдердің түрлерін ел аумағына әкеліп, жерсіндіріп жатқан «Гүлзар» қоғамдық бірлестігінің ұсынып отырған жобасын ерекше деп атап өтті. «Бұл бірегей жоба. Себебі, қоғамдық бірлестік Қазақстанда 1 мыңнан астам гүл түрін аудандастырумен айналысады. Олардың ісі асқан еңбекқорлықты қажет етеді. Бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевтың елімізді көгалдандыру бойынша қойған тапсырмаларына толығымен сәйкес»,  деді ол.