Астанада үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға 2011-2012 жж. 120 млн теңге бөлінді

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - 2011-2012 жылдары елорданың үкіметтік емес ұйымдары  әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс ауқымында  жергілікті бюджеттен қаржылық көмек ретінде 120 млн теңгеден астам ақша алды. Бұл туралы  Астана қаласының  Ішкі саясат басқармасына сілетеме жасай отырып astana.kz  сайтынан хабарлады.
None
None

«2011-2012 жылдары елорданың үкіметтік емес ұйымдарына жергілікті бюджеттен 120 млн теңгеден астам ақша бөлінді. Аталған қаржылық көмек әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс ауқымында жасалды. Нәтижесінде елорданың ҮЕҰ 50 әлеуметтік маңызға ие жобаны жүзеге асырды. Олардың қатарында жастар мәселелеріне,  салауатты өмір салтына, отбасы мен қоғамдағы гендерлік мәдениетке қатысты құқықтық және психологиялық көмектер көрсету жайттары бар», - деп мәлімдеді  Астанада  өткен ғылыми-тәжірибелік конференцияда  Ішкі саясат басқармасының өкілдері .

Конференция  тақырыбы:  «Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы: Жалпыға ортақ  Еңбек қоғамына қарай жиырма қадам»  бағдарламалық мақаласында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруда ҮЕҰ-ның  рөлі туралы»  болды.

Қазіргі кезде Астанада 280-ге тарта үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар