Астанада үлескерлердің 700 млн теңгесін жымқырғандардың ісі прокуратураға жіберілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ІІД-нің Тергеу басқармасы «АСУА-2006» ЖШС, «РСР и К», «Advanced Technology ltd» кәсіпорындарының басшысы азамат М-ға қатысты сот алды тергеуді аяқтады, олар Астана қаласында І. Есенберлин көшесі бойынша орналасқан «Ақ жол» тұрғын үй кешені құрылысына үлескерлерден алдап ақша жинаған әрі ірі көлемдегі сеніп берілген қаражатты жұмсап жіберген.
None
None

Астана қалалық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталмыш қылмыстық іс 50 эпизод бойынша аяқталды. Алайда қалалық ІІД-ге аталмыш тұлғаға қатысты жәбірленушілердің шағымы әлі де келіп түсуде. Жалпы шығын сомасы 700 млн теңгеден асады.

Қылмыстық іс Астана қаласының прокуратурасына жіберілді, одан әрі сотқа беріледі. Қазіргі уақытта айыпталушы тергеу изоляторында қамауда отыр.

Соңғы жаңалықтар