Астанада үлескерлердің қаражатын ұрлау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада үлескерлердің қаражатын ұрлау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр және зардап шеккен адамдар болса, хабарласуын сұрайды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада үлескерлердің қаражатын ұрлау ісі бойынша тергеу жүріп жатыр

Сонымен, «АКА-АБ» ЖШС басшылары Б.С. Баймұханова, А.А. Баймұханова, Е.М. Битақов, К.О. Жақановқа қатысты қылмыстық іс тергелуде. Оларға Астана, «Оңтүстік-Шығыс» шағын ауданы, №837 учаске бойынша бесқабатты үй құрылысы кезінде үлескерлік қатысу шартын жасасу арқылы үлескерлердің қаражатын жымқырды деген күдік тағылуда, деп хабарлады ведомстводан.

Осы адамдардан зардап шеккендер: 8(7172)71-67-31, 71-67-10 және 8-702-308-08-35 телефондарына хабарласуды сұраймыз.

Еске салсақ, бұдан бұрын коммерциялық құрылыс компанияларының екі басшысы мен риэлторлық кеңсе иесі үлескерлерден 1 млрд теңгеден астам қаражат жымқырғаны үшін сотталған.