Астанада үлескерлердің проблемасы қаралды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ведомствоаралық комиссияның кезекті отырыстарында үлескерлік құрылысқа қатысушылардың мәселелері қаралды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Астанада үлескерлердің проблемасы қаралды

1 ақпанда өткен ведомство аралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша жиында «Территория комфорта 1» тұрғын үй кешені құрылысы бойынша мәселелер сөз болды. Атап айтқанда, инвесторлардың нысандағы жағдай туралы ақпараты ескерілді. Нысанды салушы - «КазИнвестКонстракшн Групп» ЖШС.

Компания өкілдерінің айтуынша, нысанды жобалауға берілген қаулы, 2 кезекпен бөліп салу жоспары бар, құжаттама құрлысы нормалары мен ережелеріне сәйкес келтірілді. Сондай-ақ қаржылық операциялар туралы түсіндірме берілді. Отырыс қорытындысы бойынша ведомствоаралық комиссия КазИнвестКонстракшнГрупп компаниясының басшылығына бірқатар ұсыныс жасады. Атап айтқанда, жұмыс жоспарын әзірлеуді аяқтау, Мемлекеттік сараптама қорытындысын алу, ғимаратта техникалық тексеру жүргізу тапсырылды.

Комиссияның кезекті отырысына «ТамызИнвестГрупп» АҚ құрылтайшылары шақырылды.

Ведомствоаралық комиссия төрағасы жергілікті атқарушы органдардың рұқсат құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетуге дайын екендігін атап өтті.

Алайда, аталған компанияның құрылтайшылары мен ТҚК өкілдері ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына қатысқан жоқ және осы комиссияның құрылысты аяқтауға қатысты жоспарлары бойынша ұсынысы орындалған жоқ.

Қазіргі кезде комиссиямен үлестік құрылысқа қатысушыларға қалыптасқан жағдайды шешуге көмектесу туралы мәселе қаралуда.