Астанада Үлескерлік туралы заңды бұзған 20 құрылыс компаниясының нысандары анықталды
«Үлескерлік қатысу туралы заңды елемей, тұрғындардан пәтерге алдын ала қаражат жинаған құрылыс компанияларына қатысты құқық қорғау органдарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды. Қазіргі уақытта 44 нысан бойынша тергеу жүргізілуде. 25 нысан жобалау үстінде болса, 19 нысан құрылысы жүріп жатыр. Ол нысандардың құрылысын 20 компания салып жатыр», - деп атап өтті әкімнің орынбасары. С.Хорошунның айтуынша, олардың басым бөлігі тіпті, құрылыс жұмыстарын жүргізуге рұқсат та алмаған болып шықты. Заң бұзушылықтарды тұрғындардың арыздары мен арнайы тексерістің нәтижесінде анықталды. «Сақалды» құрылыстардың ішіне «Азбука жилья», «Төленді», «Әл-Барақат», «Сезам стройсервис», «Шейx Казинвест» және «Тамыз инвестгрупп» компанияларының нысандары кірген. Қазіргі уақытта үлескерлік туралы заңды бұзған 40 нысан бойынша пәтерлерді сатуға тыйым салынды.