Астанада Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы ашылады

АНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының негізінде Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы ашылады.

Астанада Ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды зерттеу орталығы ашылады

Бұл туралы бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сараптамалық кеңестің кеңейтілген мәжілісінде ұйымның ғылыми хатшысы Наталья Калашникова мәлім етті.

Оның сөзіне қарағанда, осы орталықта еліміздегі ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастар қолданбалы түрде зерделенетін болады. Сондай-ақ орталықта этномәдени бірлестіктермен жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыру көзделіп отыр. «Ассамблеяның жаңа орталығында жүргізілетін зерттеулер Қазақстандағы мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктер үшін нақты ұсыныстарды әзірлейтін болады», - дейді Н.Калашникова.