Астанада Ұлттық мұражайдан 600 адам қауіпсіз жерге шығарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Күдік тудыратын заттың табылуына байланысты Астанада Ұлттық мұражайдан 600 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді.

Астанада Ұлттық мұражайдан 600 адам қауіпсіз жерге шығарылды

«Бүгін сағат 17.00-де Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығында Ұлттық мұражайдың қауіпсіздік қызметі қызметкерінен мұражай ғимаратында күдік тудыратын зат (қорап) табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына Астана ІІД тергеу-жедел тобы, кинология қызметі мен шұғыл қызмет қызметкерлері дереу жетті», - деп хабарлады Астана қ. ІІД баспасөз қызметінен.

Мұражай ғимаратынан 600-дей адам (оның ішінде келушілер де бар) эвакуацияланды. Тексеру барысында жарылғыш зат табылған жоқ.