Астанада ұлттық театрлардың республикалық фестивалі өтеді

АСТАНА. 19 сәуір. ҚазАқпарат - 23-26 сәуір аралығында Астана қаласындағы К.Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрында Ұлттық театрлардың республикалық фестивалі өтеді.
None
None

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған бұл шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен «Қазақстан халқының рухани даму қоры» акционерлік қоғамы ұйымдастырып отыр. Фестиваль Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтеді, деп хабарлады Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі.

«Фестивальдің мақсаты - еліміздің әр түрлі мәдениеті мен тілін сақтап қалу, мәдениетті өзара байыту, этносаралық төзімділікті нығайту мен Қазақстан халқының мәдениетаралық келісімін одан әрі дамыту болып табылады», деп атап көрсетілген ведомствоның хабарламасында.

Фестивальға Қазақстан Ұлттар театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік орыс драма театры, Қ.Қожамияров атындағы Мемлекеттік республикалық ұйғыр музыкалық комедия театры, Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры, Республикалық неміс драма театры және Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры қатысады.

Фестиваль қойылымдары К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрының және М.Горький атындағы мемлекеттік орыс драма театрының сахналарында көрсетіледі.

Жеңімпаздар: «Ең үздік спектакль», «Ең үздік режиссерлік шешім», «Қазақ драматургиясын табысты меңгергені үшін», «Ең үздік ұлттық авторлардың драматургиясы үшін», «Ең үздік әйел адам бейнесі үшін», «Ең үздік ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік екінші пландағы әйел адам бейнесі үшін», «Ең үздік екінші пландағы ер адам бейнесі үшін», «Ең үздік дебют», «Көрермендер көзайымы» сияқты аталымдар бойынша анықталатын болады.

Соңғы жаңалықтар