Астанада Ұлы Абайдың 172 жылдығы аталып өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордадағы «Абай» ескерткішінің алдында бас қосқан астаналықтар мен шаһар қонақтары Ұлы Абайдың 172 жылдығын атап өтті. 
None
None

null null
«Абай әлемі және Рухани жаңғыру» тақырыбындағы ауқымды шараға бірқатар зиялы қауым өкілдері қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұлы Абайдың туған күні 10-шы емес, 23-ші тамызда екенін бұл күнде зиялы қауым өкілдерінен бастап бәрі де мойындап қойған. Ұлттың қамы үшін қайыспаған Қайым Мұхамедханов, абайтанушы Төкен Ибрагимовтың тұжырымдары Абайдың шынында да, дәл бүгін өмірге келгенін дәлелдеп бере алады. Осы турасында сөз қозғаған Астана қаласының тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев бүгінгі шара туралы сөз қозғай келе, Абайдың рухани мектебін насихаттау жұмысы жалғасын тауып жатқанын атап өтті.
null null 

«Бүгін Ұлы Абай атамыздың туған күні. Рухани жаңғырудың негізі Абайдан басталатынын халыққа паш ету мақсатында іс-шара ұйымдастырдық. Ең басты мақсатымыз - Абайдың туған күні 23 тамыз болғандықтан, осы бір датаны бекітуді көздеп отырмыз. Себебі, 1917 жылы күнтізбе ауысқандықтан, Абайдың туған күні 10 тамыз емес, 23 тамызға тура келеді. Соңғы 6 жылдың ішінде Абайдың туған күнін 23 тамызда атап өтіп жүрміз. Жидебайдың және Семейдегі «Жидебай-Бөрілі» мұражайындағы ресми құжаттар  солай айтса, ғалымдар мен зерттеушілер, зиялы қауым өкілдері тұжырымдаса талас жоқ деп ойлаймын. Бір датаға тоқтау керек», - дейді Ержан Еңсебаев.
null null 

«Абай әлемі және Рухани жаңғыру» тақырыбындағы шара ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкеновтің, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтың ескерткіш алдына гүл шоқтарын қоюымен басталды. Ізінше Астана қаласының мемлекеттік филормониясының фольклорлық тобы Абайдың әуезді әндерін орындаса, айтыскер ақын Аманжол Әлтайұлы жыр арнады. Арман Шеризат, Жұлдызай Ысқақ, Мерей Қартов қатарлы республикаға танымал ақындар Ұлы Абайға арнау өлеңдерімен көпшіліктің зор қошеметіне ие болды. Сахнаға Абай образында шыққан Қасымхан Бұғыбайдың монологы жиылған жұртты ойсыз қалдырмағаны анық. Артынша, белгілі дәстүрлі  әнші Ерлан Рысқали «Сегіз аяқты»  орындады.
null 

«Абайдың қайтқан күнінен қаншама алыстасақ, оның рухына соншалықты жақындай түсеміз", деген Міржақып Дулат. Абай атамыздың құндылығын бұдан да жоғары халықаралық деңгейде насихаттау керек деген ойдамын. Кейде ақынның көрегендігі мен ұлылығы маған бүгінгі күнді болжай білгендей көрінеді. Жастардың рухы биік болсын, саналы болсын деген  насихаты Тәуелсіздігіміздің тұсында орындалып жатқан секілді. Руханиятсыз халық болмайды. Абай атамыздың ұлылығын басқалар да танып жатыр. Бізден тілек - ақынның мұраларын насихаттау жұмысы ауқымды бола түссе дейміз», - дейді шараға келген актер Ерік Жолжақсынов.
null 
null 

Соңғы жаңалықтар