Астанада «Ұлы Дала» павильоны ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылы наурыздың 8-і күні ЭКСПО-2017 көрмесі қарсаңында «Ұлы Дала» атты қазақстандық тауарлардың павильоны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада «Ұлы Дала» павильоны ашылады

«Аталған нысан елорданың сол жағалауында ашылады. Үш қабатты павильонға Қазақстандағы 200-ге тарта брендер қойылады. Бұның барлығы - экспортқа шығарылатын қазақстандық тауарлар. Бірінші қабатта тек отандық тауарлар ғана қойылады. Екінші қабатта Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бес мемлекеттің өнімдері қойылса, үшінші қабатта дегустациялық зал болады. Сол жерге келген қонақтардың барлығы қазақстандық тауарлардың дәмін тата алады», - деді «Халық маркасы» қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясының президенті Римма Тәжібаева бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, бүгін Астанада журналистер арасындағы «Самғау» ұлттық байқауының аймақтық аталымдары бойынша жеңімпаз атанған журналистер марапатталды.  Алдағы наурыз айында Мәскеу қаласында байқаудың бас жүлдесі - жеңіл көлікті тапсыру рәсімі өтеді. Оған тағы 8 журналист таласып отыр. 

Сол жерде Еуразиялық экономикалық аймағы кәсіпкерлер одағының Қазақстандағы өкілі Мария Анарбаева Мәскеуде орналасқан қазақстандық павильонның саудасы жайында айтып берд і. 

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды
Ұқсас жаңалықтар

Жеңіл атлет Иван Иванов Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды