Астанада ҰОС ардагерлерiне арналған «Шаттан, жеңісті көктем!» атты патриоттық әндер фестивалі өтті

АСТАНА. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы М.Өтемiсұлы атындағы Оқушылар сарайында Ұлы Отан соғысының ардагерлерiне арналған «Шаттан, жеңісті көктем!» атты патриоттық әндер фестивалі өтті.
None
None

Аталмыш шара осыдан бір ай бұрын, 9 сәуір күні басталған «Көктемнiң шуақты күндерi» акциясы аясында өткізілуде. Айта кетерлiгi, бұл акция аясында «ерлiк сабақтары», дөңгелек үстелдер, патриоттық әндер байқауы, сайыстар, эстафеталар және мерекелiк концерттер сияқты жалпы 4 мыңнан астам түрлi шаралар өткiзiлген. «Шаттан, жеңiс көктемi» атты патриоттық ән фестивалi сол игі шараның қорытынды кешi болып саналады.

Қалалық бiлiм басқармасының бастамасымен дәстүрлi түрде өткiзiлетiн айлықтың қорытынды шарасына соғыс ардагерлерi, ұстаздар және оқушылар қатысты. Жеңiс күнiне арналған мерекелiк фестивальді «Современник» және «Нұр» балалар театрларының соғыс тақырыбындағы қойылымы ашты.

Бұған қоса, «Шоқжұлдыздар» би ансамблі «45-жылдың көктемі» атты композиция ұсынды. Бағдарламаны №10 мектеп-гимназиясы оқушылары құраған вокалдық топтың орындауындағы соғыс жылдарындағы әндері жалғастырды.  Олардың орындауында «Әлия», «Жаса, Қазақстан!», «Көк орамал» сынды отаншылдық сезiмдi оятар керемет әндер шырқалды. Сондай-ақ, көрермендер алдында «Бәйтерек» би ансамбльдерi өнер көрсеттi.  Қаһармандықтың ұранына айналған «Жеңiс күнi» әнi мерекелiк концерттi аяқтады.

Тарих қойнауында ерлiк пен елдiктiң ерен рухын паш еткен Жеңiстiң 67 жылдығы келіп қалды. Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендинаның айтуынша, фестиваль дүниедегi бейбiтшiлiк бағына сұрапыл соғыс қаһарын төккенде Отанымызды қорғауға аттанған елiмiздегi миллиондаған ер-азаматтардың ерлiгiн өскелең ұрпаққа танытып, дәрiптеу мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар