Астанада ҰОС ардагерлерінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі талқыланады - «Болашақ бүгіннен басталады!» акциясы
«Жеңіс мұрасы: Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудегі және олардың азамат ретінде қалыптасуындағы ардагерлердің рөлі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Шараны ұйымдастырушы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жас қыран» әскери-патриоттық бірлестіктерінің Республикалық дамыту орталығы.
Ғылыми-тәжірибелік конференцияның мақсаты - тарихи құндылықтардың негізінде жастарда патриоттық сезімді қалыптастыру, жас буынды отаншылдық рухта тәрбиелеу және патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру бойынша ұсынымдарды жинақтау және тарату.
Конференция жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, белгілі қоғам және ғылым қайраткерлері, орталық атқарушы органдар мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, әскери-патриоттық ұйымдардың көшбасшылары қатысатын болады.
Шара барысында Ұлы Отан cоғысының ардагерлеріне сыйлықтар табыс етілетін болады.