Астанада үш адам иіс тиіп уланды
АСТАНА. 6 наурыз. ҚазАқпарат - «Астанада үш адам иіс тиіп уланды. Олардың арасындағы 7 жасар бала оқиға орнында көз жұмды»,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Аталмыш оқиға кеше, яғни 5 наурыз күні орын алды. Астанадағы Шубина көшесінің бойындағы көмірмен жылытылатын жеке тұрғын үйде 3 адам иіс тиіп уланған. Олардың арасындағы 7 жасар бала оқиға орнында мерт болған. 18 жасар жігіт пен 1958 жылғы әйел азаматша ауруханаға жеткізілді.