Астанада үш автобустың бағдары уақытша өзгерді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «City Transportation Systems» ЖШС Астанада үш автобустың бағдары уақытша өзгергенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада үш автобустың бағдары уақытша өзгерді

«Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін, № 6, 26, 36 автобус бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз», - деп жазды ведомстводан.