Астанада үш айда 7000 сәби дүниеге келді

АСТАНА. 12 маусым. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 1 мамырындағы мәлімет бойынша Астана қаласы тұрғындарының саны 788 266 адамға жетті. Оның ішінде Алматы ауданында - 364 396 (46,2%) Есіл ауданында - 106 076 (13,5%), Сарыарқа ауданында - 317 794 (40,3%) адам болды. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық статистика департаментінен мәлім еткен.

Астанада үш айда 7000 сәби дүниеге келді

«2013 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда Астана қаласының халқының саны 10 068 адамға, соның ішінде Алматы ауданы - 714 адамға, Есіл ауданы - 3 339 адамға, Сарыарқа ауданы - 6 015 адамға өсті», - деп хабарлайды департаменттен.

Сондай-ақ, ведомство 2013 жылдың бірінші тоқсанында - қаңтар - сәуір айлары халықтың табиғи өсімі - 5 728 адам, көші-қон есебінен - 4 340 адам болғанын атап көрсетеді.

Өткен жылдың осы кезеңіндегі бірінші тоқсанмен салыстырғанда туу мен өлім-жітімнің өскендігі де байқалады. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 19,8%-ға артып, 5 728 адамға жеткен.

«2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында Астана қаласы бойынша 6 919 сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,9%-ға артық. Сондай-ақ, осы аралықта 1 191 адам өлімі тіркелген. Бұл 2012 жылдың қаңтар-сәуір айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,2%-ға артық», - деп атап өтті ведомствадан.

Қаңтар-сәуір айларында 1 жасқа дейін шетінеген сәбилер саны - 58. Бұл 2012 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 12-ге кем. 1 жасқа дейінгі сәбилердің шетінеу коэффицинті 1000 жаңа туған сәбиге шаққанда (2012 жылдың қаңтар-сәуір айларында - 11,72) 8,38 болды.

Тұрғындар арасындағы өлімнің негізгі себептері бұрынғысынша, қан айналымы жүйесінің бұзылуы - 39,3%, жаңадан пайда болған аурулар - 18,3%, бақытсыз оқиға, улану мен жарақаттан көз жұму - 14,5% болуда.

2013 жылдың қаңтар-сәуір айларында АХАТ органдарына тіркелген неке қиюшылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 8,2%-ға, ажырасқандар саны - 13,4%-ға өскен.