10:17, 12 Ақпан 2011 | GMT +5
Астанада үш бала ысты газға уланып қалды - ҚР ТЖМ
АНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Астанада 3, 6 және 7 жасар үш бала көмірқышқыл газына уланып қалды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға барак үйдегі пештің ақауы салдарынан болған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.