Астанада үш бірдей халықаралық көрме ашылды

АСТАНА. 9 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы «Көрме» орталығында «Kazatomexpo», «Power Astana» және «MachExpo Kazakhstan» халықаралық көрмелері ашылды.

Астанада үш бірдей халықаралық көрме ашылды

Биыл «Kazatomexpo» көрмесі орталық алаңда орналасты. Оның тақырыбы - «Атом энергетикасы және өнеркәсіп». Оған Қазақстан, Беларусь, Германия, Ресей, Финляндия және Оңтүстік Кореяның атом компаниялары қатысуда.

«Power Astana» көрмесінде қазіргі энергетика саласының дамуын көрсететін жаңа құрал-жабдықтар мен технологиялар шығарылып отыр.

Ал «MachExpo Kazakhstan» көрмесінде Қазақстан, Украина мен Швейцарияның машина жасау әлеуетімен танысуға болады.