Астанада үш көшеде тұрғын үй кешендері жарықсыз қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада электр желісінде апат болып, бірнеше тұрғын үй жарықтан ажыратылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осыған байланысты «Астана-РЭК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі ресми мәлімет таратты.

Оның ақпаратына сенсек, 30 қаңтар күні сағат 20:58 кезінде «Сол жағалау» стансасының 407 нөмірлі 10 кВ ұяшығы апаттық жағдайда өшірілген.

Бүгінгі таңда Сығанақ, Түркістан және Алматы көшелеріндегі 6 тұрғын үйде жарық жоқ.

Тұрғын үй кешендерінің қажеттілігін өтеу үшін дизель генераторлары орнатылып жатыр.

Қазіргі уақытта Есіл ауданының 19 адамнан тұратын 5 бригадасы апат салдарын жоюға жұмылдырылған.

Олар электр тарату желісінің жұмысын қалпына келтіруге атсалысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар