Астанада үш күн бойы жаңбыр жауып, күн күркірейді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК болжамынша, Астанада таяудағы күндері ауа райы жауын-шашынды болады.
17 мамырда күн ала бұлтты, түнде және таңертең жаңбыр жауып, күн күркірейді. Батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С болады.
Дүйсенбі күні, 18 мамырда өткінші жаңбыр жауып, ауа температурасы түнде +8+10°С, күндіз +18+20°С болады.
Сейсенбі, 19 мамыр күні де ауа райы жауын-шашынды болады, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы +10+12°С, күндіз +19+21°С дейін жылынады.