Астанада үш құрылыс компаниясының кесірінен 18 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғандар зардап шеккен - прокуратура

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада үш жосықсыз құрылыс салушы компания кесірінен 18 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алушылар зардап шекті, деп хабарлайды қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.

Астанада үш құрылыс компаниясының кесірінен 18 тұрғын үй кешенінен пәтер сатып алғандар зардап шеккен - прокуратура

Бүгінгі таңда қылмыстық қадағалау органдарының өндірісінде құрылыс салушылардың жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын тартуы және құрылыстың ұзақ уақыт бойы аяқталмауы бойынша 12 қылмыстық іс бар (соның ішінде Астана қаласы бойыншамемлекеттік кірістер департаментінде - 2 іс, Астана қаласы бойынша ішкі істер департаментінде - 8 іс, ҚР Сыртқы істер министрлігінде - 2 іс).

Қылмыстық қудалау органдары «ШейхКазИнвест» ЖШС, «АльБаракатCompany» ЖШС басшыларына және «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшысына қатысты тұрғын объектілерін салу барысында азаматтардың ақша қаражаттарын талан-таражға салды деп сезіктену бойынша қылмыстық істерді тергеуде.

Нақтылай кетсек, «ШейхКазИнвест» ЖШС-ның басшысы Ольга Шнайдерге, «АльБаракатCompany» ЖШС-ның басшысы Бақытжан Тойымбетовке және «Азбука жилья» құрылыс компаниялары тобының басшысы Ерқанат Тайжановқа қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасы бекітілген. Ерқанат Тайжановқа іздеу жарияланды.