Астанада үш оқушыны қағып кеткен жүргізуші уақытша оқшаулағышқа қамалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Ішкі істер департаменті Момышұлы даңғылы мен Аманат көшесінің қиылысында оқушы үш баланы қағып кету оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Астана қаласының ІІД Анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тергеу жүргізуде. Қағып кету фактісі сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тіркеуіне алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлік жүргізушісі Уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Автокөлік коммуналдық айыппұл тұрағына қойылды», - делінген таратылған хабарламада. 

Жол апаты салдарынан 2007 жылғы екі бала және 2001 жылғы бір бала дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. 2007 жылғы балалардың бірі медициналық көмектен  кейін үйіне жіберілді.

Еске салсақ, бүгін, 4 қыркүйек күні «Лексус» көлігін басқарған 21 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылы бойымен келе жатып, Аманат көшесінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған түсіне жүріп кетіп, кәмелетке толмаған үш баланы қағып кетті. Жаяу жүргіншілер жолды бағдаршамның рұқсат етілген түсіне өтіп бара жатқан. 

Соңғы жаңалықтар