Астанада үш тілді жетік меңгерген жастарды анықтауға арналған республикалық олимпиада өтеді

АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай биылдың 2-3 желтоқсаны аралығында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында
None
None

тіл мен мәдениетті құрметтеуді тәрбиелеуге арналған акция аясында «Тілдарын-2011» республикалық олимпиадасын «Мемлекеттік тілді білу - парызың» деген ұранмен өткізеді.

Шараның негізгі мақсаты - үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау, тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу. Олимпиаданың республикалық туры берілген тақырыпқа сай таныстырылым, баспасөз мәслихатын өткізу, тақырып бойынша эссе жазу, мәтінге ілеспе аударма жасау аталымдары бойынша өтеді.

Байқауға еліміздің барлық облыстары және Астана мен Алматы қалаларынан облыстық, қалалық деңгейде өткізілген байқаулардың жеңімпаздары қатысып, өз өнерлерін ортаға салады.

Байқау жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және басқа да сыйлықтармен марапатталады.

Соңғы жаңалықтар