Астанада үш жер үй өртеніп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Астананың Байқоңыр ауданында, Толстой көшесінде бір-біріне жақын орналасқан үш жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрліінің баспасөз қызметі.

пожар, пожарники, противопожарная службы, өрт, өртке қарсы қызмететі
Фото: Максат Шағырбаев / Kazinform

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимараттардың шатырлары толықтай отқа оранған.

Осы уақытта өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр.

- Өртті сөндіру жұмыстары қалың түтін салдарынан қиындап отыр. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - делінген хабарламада.

Осыған дейін Астанада балалар ауруханасынан өрт шыққан болатын.