Астанада үш жыл бұрын адам өлтірген 4 күдікті ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігі Қазақстанның бірқатар өңірінде іздестірілген қылмыскерлердің ұсталғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астанада үш жыл бұрын адам өлтірген 4 күдікті ұсталды

«Осылайша, Астана қалалық ІІД криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде елорда аумағында 2015 жылы адам өлтірген төрт күдіктіні ұстады. Қылмыс жасалған тапанша тәркіленді», - деп хабарлайды ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.

Бұдан бөлек, ІІМ деректеріне сәйкес, Алматы облыстық ІІД жедел қызметкерлері үш күдіктіні қолға түсірді. Жергілікті үш тұрғын биыл 10 сәуірде Талдықорғанда жеке кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасап, ірі көлемдегі ақшасы мен «Toyota Camry 50» көлігін тартып алған.

«Сондай-ақ, Алматы облысы Үшарал қаласында Алматы қалалық ІІД жедел қызметкерлері Алматыда қарақшылық шабуылды кәсіп еткен облыс тұрғынын ұстады», - деп түйіндеді Алмас Садубаев.