11:55, 10 Шілде 2009 | GMT +5
Астанада үш жылда 28 балабақша салу жоспарлануда
АСТАНА. Шілденің 10-ы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгінгі таңда Астана қалалық статистика орталығының мәліметі бойынша, елордамызда дүниеге жаңа келген нәрестеден бастап 6 жасқа дейінгі балалардың саны 58 мың 491 болып отыр.

Соның ішінде балабақшаға кезекте тұрған бүлдіршіндер саны қала бойынша 28 мыңға жеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалалық білім департаментінің мәліметі бойынша Астанада 7 мың 800 орындық 38 балабақша бар, ал іс жүзінде сол балабақшалардағы бала саны 12 мың 872 баланы құрайды.
2007 жылы жобалық қуаттылығы 240 орындық №38 балабақша, 2009 жылы жобалық қуаттылығы 280 орындық №37 балабақша іске қосылды.
2009-2011 жылдар аралығында қалада мектепке дейінгі мекемелерді көбейту мақсатында 28 балабақша салу жоспарлануда.