Астанада үшінші қабаттың терезесінен 2 жасар бала құлап кетті
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласының Алматы ауданында белгісіз жағдайда үшінші қабаттың терезесінен ғимаратқа жалғай салынған асхананың төбесіне 2 жасар бала құлап кетті. Жарақат алған бала ауруханаға жатқызылды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.