Астанада үсік шалған 14 адам ауруханаға түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада үсік шалған 14 адам дәрігер көмегіне жүгінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккендердің 12-сі ауруханаға жедел жәрдеммен жеткізілген, қалған екеуі дәрігерге өздері келген. Үсік шалғандардың 10-ы ересек адам, төртеуі бала. 2017 жылы туған бір бала қаладағы №2 балалар ауруханасына жеткізілді, оның жағдайы орташа. Қалғандары амбулаториялық емдеу үшін тұрғылықты мекенжайларына жіберілді.

Еске сала кетсек, қатты аяздан Қостанай облысында екі адам үсіп өлді.

Соңғы жаңалықтар