Астанада ұсталған қылмыстық топ мүшесінен 380 грамм героин алынды
АСТАНА. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астанада 380 грамм героинмен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды.
Бұл туралы бүгін журналистермен болған баспасөз мәслихатында Астана қалалық Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесімен күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, 46 жасар азаматты Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері арнайы мақсаттағы «Арлан» жасағының көмегімен қолға түсірген. «Бұл Астанаға есірткі тасымалдап және оны саудалаумен айналысып жүргендерді құрықтауға бағытталған арнайы операция болатын. Есірткі қылмыстық топ мүшесі тұратын үйден табылды. Қылмыстық топ өкілі уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді басқарма бастығы.