Астанада үстел теннисі марафоны өтіп жатыр (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күнін атап өту аясында бүгін «Алау» мұз сарайында «Astana cup - 2015» үстел теннисінен екінші марафон өтуде. Сайысқа 1000 жуық астаналық кәсіби емес спортшылар қатысуға ниет білдірді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Биылғы жүлде қоры былтырғыдай 1 000 000 теңгені құрайды, бірақ турнир форматы өзгереді. Жарыс олимпиада жүйесі бойынша өткізіледі. Турнирде екі аталым болмақ: «Ерлер» мен «Әйелдер». Жас мөлшері шектеусіз. Атап өтейік, бірінші орын иегері қаржылай сыйлықпен қоса, мұз сарайындағы бұқаралық сырғанауға бір жыл бойы тегін қатысу мүмкіндігіне ие болады.