Астанада үстел теннисінен марафон өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда күні аясында ертең, маусымның 28 күні «Алау» мұз айдынында үстел теннисінен «Astana cup - 2015» марафоны өтеді, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Астанада үстел теннисінен марафон өтеді

Өткен жылы алғаш рет өткізілген марафонға жалпы 1000 астам адам қатысқан болатын. Жеңімпаздар бір миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықты еншілеген. Биыл жүлде қоры сол мөлшерде сақталады, бірақ турнир форматы өзгереді. Жарыс олимпиада жүйесі бойынша өткізіледі. Турнирде екі аталым болмақ: «Ерлер» мен «Әйелдер». Жас мөлшері шектеусіз. Марафон регламенті мен қатысуға өтініш беру туралы толық ақпаратты «Алау» мұз сарайының ресми сайтынан ала аласыздар. Бірінші орын иегері қаржылай сыйлықпен қоса, мұз сарайындағы бұқаралық сырғанауға бір жыл бойы тегін қатысу мүмкіндігіне ие болады.