Астанада үй құлады: адам шығыны бар
АСТАНА. 30 қыркүйек. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астана қаласының Сарыарқа ауданы Шет көшесі, 22 мекен-жайы бойынша орналасқан екіқабатты үй құлады.
Абырой болғанда, осы үйдің апаттық жағдайын ескере отырып, биыл сәуір айында оның тұрғындары басқа жерге көшірілген болатын. Бірақ адам шығыны бар. Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, үйдің құлауы нәтижесінде бір адам қаза болып, тағы бір адам құтқарылды. Қазіргі кезде тергеу тобы зардап шеккендердің тұлғасын және олардың апаттық үйге не себептермен түскенін анықтауда.