Астанада үй жануарларын тегін чиптендіру жұмыстары жалғасуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ит пен мысықтарға тегін чип ортану жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні бағдарлама аясында 1134 төрт аяқты тегін чиппен қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Астанада үй жануарларын тегін чиптендіру жұмыстары жалғасуда

«Астана әкімдігі биыл үй жануарларына арнап 6 мың чип бөлді. Оларды ортану «Астана Ветсервис» базасында жүргізіледі. Қазіргі күні қалада 1134 итке чип енгізілді. Әлі 4 мың 900-ге жуық бос чип бар», - деді елорданың Қалалық ортаны регенерациялау басқармасының ветеринария және өсімдіктерді қорғау бөлімінің бас маманы Әсем Мусина.

Сонымен қатар, ол аталған науқан ағымдағы жылдың соңына дейін жалғасатынын айтты.  

«Бұдан бөлек, ветиринарлық клиникалар ақылы негізде чип ортану қызметін көрсетеді. Клиникалардың белгіленген тарифі бар. Алайда, елорда тұрғындары бұл қызметті үй жануарларын чиптендіру бағдарламасы шеңберінде тегін ала алады», - деді ол.

Айта кетейік, елорда әкімдігі Астанада үй жануарларын чиптендіру жұмысын жүргізіп жатыр. Аталған бағдарлама қаладағы төрт аяқтылардың  нақты санын анықтауға жәрдемдеседі. Сондай-ақ олар жоғалып кеткенде немесе ит аулаушылардың қолына түскен кезде жануарды анықтауға және иесіне қайтаруға мүмкіндік береді.

Тегін чип орнату қызметін алу үшін жануардың төлқұжатымен бірге «Астана Ветсерсис» МКК бару керек. Төлқұжат болмаған жағдайда оны чиптендіру процесі кезінде рәсімдеп алуға болады.

Бағдарлама 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.