Астанада үй жануарларына чип тағылып, электронды тіркеуге алынуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана ветсервис» мал дәрігерлері әр үйді аралай жүріп, құтырма ауруына қарсы егілмеген иттер мен мысықтарды іздеді. Ең басты мақсат - үй жануарларын тіркеуге алып, олардың мәліметі жазылған құжатын иесіне беру, деп хабарлайды ҚазАқпарат astana.gov.kz сайтына сілтеме жасап.  

Астанада үй жануарларына чип тағылып, электронды тіркеуге алынуда

Әр итке күріштің жарнасындай электронды паспорт берілуде. Жыл басынан бері Астанада ит пен мысықты чиптеу жобасы іске қосылған. «Астана ветсервис» ветеринария мекемесінің бөлім басшысы Ерлан Зикибаевтың айтуынша, чиптеу - ең алдымен жануарларды есепке алуды біріздендіру. Осының арқасында жоғалған үй жануарларын іздеу, табу жеңілдейді. 

«Чиптеу дегеніміз - бұл электронды паспорт, ол жануардың организміне жасанды түрде орнатылып, үй жануарымен бірге өмір сүреді. Бұнын ең басты қажеттілігі - егер жануар жоғалса, оны осы чип арқылы табуға болады», - дейді Е. Зикибаев. 

nullВетеринардың айтуынша, осы жобаны іске қосқалы бері шамамен 1600 итке чип тағылған. Ветеринарлар күніне 20 үйді аралап, шамамен 40-қа тақау ит пен мысыққа чип тағады.  

null«Бұл үйдегі иттің аты - Чарли. Ветеринар хаттама толтыруда. Онда жануардың иесі және ит туралы мәлімет болады.  

null2 минут ішінде жұмыс аяқталды. Енді Чарлиге енгізілген чипте ол туралы толық ақпарат бар, оның аты, мекен-жайы, тұқымы, жасы және ит иесінің ЖСН да көрсетілген. «Енді итім жоғалып кетсе де, уайымдамайтын болдым. Құрылғы арқылы бірден табамын» дейді ит иесі. Егер чип тағылған ит жоғалып, оны ветеринарлар ұстап алса, чипті сканерлеу арқылы ол туралы бар ақпаратты біле алады.   

«Адамдар «чипте gps-навигатор бар ма?» деп сұрайды. Олар өте үлкен, ол иттің қарғыбауына орнатылады. Бірақ олар мысалы, табиғат аясында еркіндікте жүрген жануарларды зерттеу үшін, ғылыми тәжірибе жүргізу үшін қолданылады. Олар 2-3 жылға жететін қуаттағышпен жабдықталған», - дейді маман. 

«90-шы жылдары чиптеу өте қымбат болды, қазір клиникада жасатсаңыз, арзан. Астанада 11 жекеменшік ветеринарлық клиника бар. Оларда чиптеу ақылы. Ал, «Ветсервисте» тіркеу, сондай-ақ, чиптеу, құтыруға қарсы егу, гельминттерге қарсы таблетка егу - тегін», - дейді бөлім басшысы Ерлан Зикибаев. 

Ветеринарлар жыл соңына дейін 8 мың итті құтырмаға қарсы егіп, 6 мың итке чип тағады.