Астанада ұялы байланыс арқылы пайда тапқан қылмыстық топ ұсталды

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Жақында Астанада ұялы байланыс арқылы пайда тапқан қылмыстық топ ұсталды.

Астанада ұялы байланыс арқылы пайда тапқан қылмыстық топ ұсталды
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Криминалды полиция комитетінің бастығы Сұлтан Күсетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аталған қылмыстық топ ұялы телефон арқылы азаматтардың жақындары мен достарының келеңсіз жағдайға ұшырағаны туралы жалған ақпарат таратып, олардың мәселесін баланстағы шотты толтыру арқылы шешіп бере алатындарын айтқан. Тіпті, алдауға түскен азаматтармен кездесіп, олардан ірі көлемде ақша алған да көрінеді. Бүгінде 3 адамнан тұратын осындай қылмыстық топқа қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың 40-қа жуық қылмысқа қатысты екендіктері анықталып отыр», - дейді С.Күсетов.