Астанада үйлердегі энергия есептеуіштерін тіркеу «Астана-АЭК» АҚ қарамағына өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада электр энергиясын есепке алу құралдарының көрсеткіштерін тіркеу «Астана-АЭК» АҚ қарамағына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.
None
None

Бұрын көппәтерлі тұрғын үйдегі тұтынылған энергияны есептеу құралдарының көрсеткішін «Астанаэнергосбыт» ЖШС бақылаушылары тіркеп келген болса, енді мұны «Астана-АЭК» АҚ жұмыскерлері жүргізетін болады.

Осы функцияларды орындау үшін «Астана-АЭК» АҚ-да бірқатар шара атқарылған. Абай даңғылы, 80 мекенжайында орналасқан фронт-кеңседе:
- электр энергиясының коммерциялық есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қабылдау;
- электр энергиясының көлемін есептеу;
- электрмен жабдықтау шартын жасасу үшін тұтынушылардан құжаттар жинау және оны кейін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берумен айналысатын мамандар отыр.


Соңғы жаңалықтар