Астанада үздік отбасы анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Астанада үздік отбасы анықталды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.

«Биыл 210 отбасы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырды, бұл елордадағы «Мерейлі отбасы» байқауының абсолютті рекорды. Отбасылық құндылықтарды дұрыс қалыптастыру, балаларды патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеу – әрбір отбасының басты міндеті. Ол адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Әкімдік осы бағыттағы барлық бастамаларды қолдайды. Отбасы институтын қолдаудың саясаты алдағы уақытта да өз жемісін беретініне сенімдімін», – деді Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Байқау жеңімпазы – көпбалалы Сәдуақасовтар отбасы. Енді олар республикалық біріншілікке дайындыққа кіріседі.

«Мен көпбалалы анамын. Бір кездері елордаға Қарқаралы қаласынан келдік. 60 жыл жұбайыммен бірге тұрдым. Отбасымызбен кез келген мерекеде бас қосамыз. Барлық мерекені бірге атап өтеміз», - деді Тишжан Сәдуақасова.

80 жастағы «Алтын алқа» иегері жолдасымен бірге 12 бала – 6 ұл және 6 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың әрқайсысы өз қызмет саласында жетістіктерге жеткен. Сол сияқты спорттағы, қоғамдық және шығармашылық жұмыстардағы, конкурстардағы белсенділігі үшін марапаттарға ие болған.



ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті
Ұқсас жаңалықтар

ҚПЛ: «Ұлытау» өз алаңында «Елімайдан» басым түсті