Астанада вагоннан көмір түсіру кезінде жұмысшы қаза тапты
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - 8 сәуірде, сағат 10.46-да Астана қаласының Алматы ауданында «Тек Қараағаш» ЖШС-нің аумағында вагоннан көмір түсіріп жатқан «Астана Инвест 2009» ЖШС-нің жалдамалы 45 жастағы жұмысшысын жүк түсірілетін люк қақпағы басып қалды.
Ол оқиға орнында көз жұмды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.