Астанада Велотректен әлем кубогінің бірінші кезеңінің ашылуы болды
ТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Велотректен әлем кубогінің бірінші кезеңінің ашылуы болды. Әлемнің 43 елінен келген 312 спортшы Олимпиада ойындарының жолдамасы үшін сайысқа түседі.
Жарыстың ашылу салтанатына Халықаралық велошабандоздар одағының (UCI) президенті Пэт Маккуэйд, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Қайрат Келімбетов, Туризм және спорт вице-министрі Мұрат Омаров қатысты.
.Айта кетейік, Астанадағы жарыс - бұл Әлем кубогінің бірінші кезеңі, ал екінші кезең желтоқсан айында Колумбияның Кали қаласында өтпек. Қаңтар айында Кубоктік кезеңді Пекин қарсы алса, жарыстар 2012 жылдың ақпан айында Лондонда аяқталады.
Әлемдік влоспорттағы осы бір беделді жарыстарға қатысу үшін Қазақстанға 312 спортшы, 44 ұлттық құрама, 16 тректік команда келді.
Жарыстарда 24 медальдар жиынтығы сарапқа салынбақ. Олар жеке және командалық спринт, кейрин, ұпай бойынша сайыс, омниум, жұптық мэдисон сайысы, скрэтч және жеке сын бойынша сайыстар болып бөлінеді.