Астанада веложарыс өткізу кезінде бірқатар көше жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада веложарыс өткізу кезінде бірқатар көше жабылады, деп хабарлайды әкімдіктің сайты .
12 тамызда Астанада кәсіби «AstanaEXPO 2017 InternationalCriterium» веложарысы өтеді.
«Осыған байланысты сағат 12.30-14.00 аралығында Тұран даңғылы бойынша Сарайшық көшенінен Ұлы Дала көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысына ішінара шектеу қойылады. Ұлы Дала көшесі бойынша Тұран даңғылынан Мәңгілік Ел көшесіне дейін, Ұлы Дала көшесінен Сарайшық көшесіне дейін жолдар жабылады.
Оған қоса Қонаев көшесі, Ақмешіт көшесі, Достық көшесі және Түркістан көшесінде көлік қозғалысына толығымен шектеу қойылады», - делінген хабарламада.