Астанада видеокамера орнату үшін жиі құқық бұзылатын аулалар анықталып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада видеокамераларды орнату үшін «проблемалық» аулалар анықталу үстінде. Бұл туралы «Көркем телеком» ЖШС директоры Әсет Ахметов айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Оның айтуынша, ел астанасында барлық бейнебақылау камераларын бірыңғай орталыққа бейімдеу жұмыстары әлі де жалғасуда.

«Жаңа камералармен бірге бұрыннан бері видеокамера орналастырылған орындар бар. Олардың қатарына әуежай, вокзал, темір жол вокзалын жатқызуға болады. Демек, осы орындардағы камераларды интеграциялап, барлық бейнебақылау ситуациялық орталыққа топтастырылып жатыр. Осында отырып, қаланың кез келген нүктесінде болып жатқан жағдайға байланысты шараларды қабылдауға болады», - деді Әсет Ахметов тілшілерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта аула камераларын бейнебақылау камераларымен қамту жұмысы жүргізілуде.

«Сонымен бірге, аулалар да жарақтандырылуда. Біздің қолымызда «проблемалық» аулаларға байланысты қазіргі уақытта статистикалық мәліметтер бар. Демек, жиі құқық бұзылатын аулаларға бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізіледі», - деді Әсет Ахметов.

Айта кетсек, бұған дейін 2017 жылдың желтоқсан айында қала бойынша 13 мың камера орнатылатыны хабарланған еді.

Жалпы, қала ішінде 18 мың камера орнату көзделіп отыр. Осы жұмыс үшін 8 млрд теңге жұмсалмақ. Алайда бейнебақылаудың жаңа жүйесі үшін бюджеттен ақша бөлінбейді. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында іске асырылмақ.

Соңғы жаңалықтар