Астанада xоккей тариxына арналған зал ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы "Барыс-Арена" спорт кешенінде xоккей тариxына арналған зал ашылды. Шараға Канаданың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шон Перри Стайл мен ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қазақстанның xоккей федерациясына сілтеме жасап.

Астанада xоккей тариxына арналған зал ашылды

nullnull
Бүгінгі шара бірнеше атаулы датаның аясында өтіп отыр. Біріншіден, биыл Қазақстан xоккейіне 60 жыл толды. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық байланыстарға - 25 жыл, ал Канаданың өзі 150 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Осыған орай, "Барыс-Аренада" Канаданың xоккей күні де ұйымдастырылды.
nullnull

Ал xоккей тариxына арналған залда эксклюзивті көрме ашылды. Онда Торонто қаласынан жеткізілген экспонаттар, тіпті 1987 жылғы Канаданың Кубогы да бар.
nullnull

Шара аясында Кен Драйден (Ken Dryden), Игорь Ларионов, Брайан Пропп (Brian Propp), Сэмми Джо Смол (Sami Jo Small), Билли Бриджес (Billy Bridges), Сергей Немчинов және тағы басқа танымал xоккейшілермен фото мен автограф сессия ұйымдастырылды. Бұдан бөлек, ол жерде канадалықтардың дәстүрлі құймақтарынан дәм татуға болады. Канаданың "The Sheepdogs" тобы да өнер көрсетеді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Канада командалары арасында xоккей матчы ұйымдастырылады.
nullnullnullnullnull