Астанада XVIII «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 3-8 қараша аралығында XVIII «Шабыт» халықаралық жастар шығармашылығының фестивалі өтеді. Шараның ұйымдастырушылары - қала әкімдігі мен Қазақ ұлттық өнер университеті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

Байқау өткізіле бастағаннан бері жас таланттарды анықтауға бағытталған мәдени және музыкалық форумға, тілдесу алаңына айналып үлгерді. Жыл сайынғы бұл шара еліміздің жүздеген қатысушыларынан бөлек, шетелден келген азаматтарды жинайды. Биылғы жылғы шараға 388 адам қатысады, оның ішінде 246-сы - Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінің қатысушылары. «Шабыт» ауқымды жоба болып табылады. Ағымдағы жылы ұйымдастырушылар алғаш рет байқау бағдарламасына спорттық бал биін қосты. Бұл жанрда 14 үздік жұп өнерлерін көрсете алады. - Байқауға шетел мемлекеттерінің жас әртістерінің қатысуға ниет білдіруі арта түсуде. Биылғы жылы «бал биі» номинациясынан бөлек, «халық музыкасы» («домбыра» және домбырамен ән салу»), «бейнелеу өнері» («мүсін» және «сәндік қолданбалы өнер»), «классикалық музыка»: «академиялық ән», «скрипка», «альт, виолончель, контрабас», «фортепиано», сондай-ақ «цирк өнері» номинациясы енгізілді, бұл аталымға «клоунада» мен «акробатика» кіреді. Байқауға қатысушылар саны артқан соң фестивальдің қазылар құрамының саны да артты, - деді Астана қаласы Мәдениет басқарманың басшысы Болат Мажағұлов. Қазақстан, Германия, Италия, Израиль, Қытай, Ресей, Өзбекстан елдерінің әлемге танымал әртістері байқау кезінде қатысушылардың шеберлігін бағалайды. Түрлі номинация бойынша қазылар құрамын Қазақ КСР халық әртісі, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Қайрат Байбосынов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижері және көркемдік жетекшісі Айтқали Жайымов, суретші, дизайнер, мәдениет саласының үздігі Әсел Өміршина, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Астана циркі» МКҚК бас директоры Ерік Жолжақсынов, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры, профессор Айман Мұсақожаева басқарады. Айта кетейік, «Шабыт-2015» фестивалінің салтанатты ашылуы «Конгресс-холл» сарайында 3 қараша күні сағат 19:00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар